6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Өзбекстанда бокстан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарына қанша сыйақы берілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
IBA чемпиондарға 200 мың доллар қаражат береді. Бокстан Қазақстан бокс федерациясы чемпион атанған әр спортшыға 100 мың доллардан береді. Қазақстанның ішкі заңнамаларына сәйкес, әлем чемпионы және оның бапкері 15 мың доллар қаражат алады, - деп мәлімдеді министр.
Сондай-ақ министр әлем чемпиондарына белгіленген сыйақы мөлшері жеткілікті екенін айтты.
Спортшыларымыз әлем чемпионатына ақша үшін емес, еліміздің абыройы, намысы үшін қатысты. Ал материалдық жағдай – екінші санаттағы мәселе, - деді Асхат Оралов.
Еске сала кетейік, бүгін министр Асхат Оралов Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын елорда әуежайында қарсы алды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі