Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қос қазақ палуаны қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жұбаныш белдесуде Марлан Мұқашев (55 кг) Таига Онишиды (Жапония) сенімді ұтты – 9:0. Ал Демеу Жадыраев (77 кг) молдовалық палуан Александрин Гутудан 7:2 есебімен басым түсті.
Енді М.Мұқашев кешкі сессияда осы салмақтағы биылғы әлем чемпионы, ирандық Пуйа Дадмарзбен, Д.Жадыраев әлем чемпионы және қола жүлдегері Малхас Аоянмен (Армения) күш сынасады.
Айта кетейік, 55 кг салмақ Олимпиада бағдарламасына кірмейді, ал 77 кг кіреді. Сәйкесінше, Жадыраев/Амоян және Варданян/Кусака айқасында жолы болмаған палуандар өзара күресіп, осы салмақтағы бесінші Олимпиада жолдамасына таласады.
Бүгін бозкілемге шыққан Азия чемпионы Ибрагим Магомадов (72 кг) ширек финалда Франция атынан сынға түсетін Ибрагим Ганемге, Олжас Сұлтан (60 кг, Олимпиада салмағы) Оңтүстік Корея спортшысына, Олжас Сырлыбай (97 кг, Олимпиада салмағы) Италия намысын қорғайтын Николоз Кахелашвилиге жол берді.
Кеше ұлттық құрама палуаны Марлан Мұқашев 1/8 айналымда (55 кг) украиналық спортшыны ұтқан болатын. Алайда ширек финалда 2 дүркін әлем чемпионы Эльданиз Азизлиден (Әзербайжан) жеңіліп қалды.
Демеу Жадыраев іріктеуде хорватиялық спортшы Антонио Каменьяшевичті, кейін Тойлы Оразовты (Түркменстан) және былтырғы чемпионаттың финалисі Золтан Леваиды (Мажарстан) жеңді. Бірақ ширек финалда Ослода өткен 2019 жылғы әлем чепионатының күміс жүлдегері, Еуропа жеңімпазы Санан Сулеймановқа (Әзірбайжан) есе жіберді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?