Әлем чемпионатында Аргентина Хорватия құрамасын жеңді

14 Желтоқсан 2022, 10:41 1460

Аргентина құрамасы Хорватияны 3:0 есебімен жеңіп, Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шабуылшы Лионель Месси 34-минутта пенальтиде есеп ашты. Месси үшін бұл гол оның   мансабындағы әлем чемпионаттарындағы 11-ші голы болды. Ол Габриэль Батистутаны басып озып, турнирде гол соғу бойынша ұлттық құраманың жаңа рекордын орнатты.

2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы сәрсенбі, 14 желтоқсанда өтетін Франция – Марокко кездесуінің жеңімпазымен ойнайды. 

Катардағы турнирдің финалы 18 желтоқсанда Лусаил стадионында өтеді. Үшінші орын үшін матч 17 желтоқсанда Халифа Аренада өтеді. 

EL.KZ
Бөлісу: