Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына (ЧМ-2026) қатысатын 48 құраманың ішінен 28-і анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әзірге соңғы болып әлем біріншілігіне жолдама алған елдер – Сауд Арабиясы, Катар, Кот-д’Ивуар, Сенегал және Англия.
Қазіргі таңда әлем чемпионатына қатысу құқығын иеленген командалар тізімі төмендегідей:
Турнир иелері: АҚШ, Канада, Мексика.
Азия (AFC): Аустралия, Иран, Жапония, Иордания, Катар, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея, Өзбекстан.
Африка (CAF): Алжир, Мысыр, Кабо-Верде, Гана, Кот-д’Ивуар, Марокко, Сенегал, Орталық Африка Республикасы, Тунис.
Оңтүстік Америка (CONMEBOL): Аргентина, Бразилия, Колумбия, Эквадор, Парагвай, Уругвай.
Океания (OFC): Жаңа Зеландия.
Еуропа (UEFA): Англия.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатына 48 ұлттық құрама қатысады. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай