23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шорт-тректен Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, әйелдер эстафетасында қазақстандық спортшылар Польша құрамасының құлауы мен Италия командасының жарыстан шеттетілгеніне байланысты ширек финалды бірінші орынмен аяқтады. Сондай-ақ, жартылай финалға ерлер құрамасы да өтті. Өзінің жарыс жолында Қазақстан құрамасы Канададан кейін екінші орын алды.
Аралас эстафета сайысында қазақстандық шорт-трекшілер жарыстан шеттетілді.
Айта кетейік, бұған дейін 1500 метр қашықтықтағы жарыстың жартылай финалына Әділ Ғалиахметов пен Ольга Тихонова шыққан болатын.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік