Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Латвияға есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының IB дивизионы аясындағы соңғы матчтарының бірінде Латвиямен кездескен еді.
Ойын барысында қарсылас команда есеп ашып, көп ұзамай басымдығын еселеп, 2:0 есебімен алға шықты. Алайда екінші кезеңде қазақстандық арулар есепті теңестіре алды. Гол авторлары — Мадина Тұрсынова мен Мунира Саяхатқызы. Бұдан кейін София Зубкова шайба салып, Қазақстан құрамасын 3:2 есебімен алға шығарды.
Алайда үш минуттан соң латвиялық хоккейшілер есепті қайта теңестірді. Ал үшінші кезеңде қарсыластар қатарынан жауапсыз төрт шайба соқты. Нәтижесінде ойын 7:3 есебімен Латвия құрамасының пайдасына аяқталды.
Александр Тебеньковтың шәкірттері әлем чемпионатындағы соңғы кездесуін 15 сәуірде Словения құрамасына қарсы өткізеді.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде бір жеңіс, үш жеңіліс бар.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс