13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы алтыншы ойында АҚШ командасымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олег Болякин айдынға мына құрамды шығарды:
Кудрявцев (Павленко); Бреус-Орехов, Михайлис-Старченко-Шестаков; Метальников-Королёв, Өмірбеков-Мұхаметов-Колесников; Гайтамиров-Бекетаев, Панюков-Лихотников-Савицкий; Михайлов-Данияр, Қайыржан-Волков-Муратов.
Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Есесіне екінші кезеңде американдықтар ойын тізгінін толықтай қолға алып, шабуылды үдетті: 27-минутта Фрэнк Назар есеп ашса, 32-минутта Джексон Лакомб есепті еселеді. Сонан соң Тейдж Томпсон (35-минут), Мэттью Бенирс (35-минут) пен Майкл Кессельринг (40-мин) мергендігімен көзге түсті.
Соңғы бөлікте АҚШ құрамасы қақпамызға алтыншы голды тоғытты. Бұл жолы 46-минутта Зак Веренски дәлдік танытты. Ал кездесудің соңғы нүктесін 60-минутта Владимир Волков қойып, құраманы құрғақ жеңілістен сақтап қалды. Қорытынды есеп — 6:1, АҚШ пайдасына.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде қатарынан бесінші рет жеңіліп, үш ұпаймен B тобындағы турнирлік кестеде жетінші орынға жайғасты. Енді Болякин шәкірттері сейсенбі күні сағат 15:20-де Швейцария құрамасымен кездеседі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды