Әлем чемпионаты: Грек-рим күресінің балуаны Бағдат Сабаз ширек финалына дейін жетті

Әлем чемпионаты: Грек-рим күресінің балуаны Бағдат Сабаз ширек финалына дейін жетті

Асқар Таудай
Фото: uww.org

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Бағдат Сабаз елордада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Париж Олимпиадасының чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдегері Саид Эсмаилимен (Иран) белдесті. Бұл кездесуде ирандық балуан 7:2 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.

Бұған дейін қазақстандық балуан Бағдат Сабаз грек-рим күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында сәтті өнер көрсеткен болатын. Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Болгария өкілі Абу Амаевпен күрескен еді. 

Бірінші кезеңде болгариялық балуан басым түсті (5:0). Дегенмен екінші үш минуттықта Бағдат Сабаз қайсар мінез танытып, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Кеше Қазақстан балуандары арасында Ихсар Курбаев (55 кг) пен Айдос Сұлтанғали (60 кг) әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді. 

Оқи отырыңыз

{