6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӨзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін шаршы алаңға қазақ боксшыларынан біреуі шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана уақытымен сағат 15:00-де күндізге сессия басталады. Отандық боксшылардан 60 келіге дейін салмақтағы Талғат Сырымбетов көтеріледі. Ол Иордания боксшысы Мохамед Әбу-Джаджехпен жолығады. Қарсыласы Азия чемпионы атанған боксшы.
Талғат бұған дейін таиландтық Сакда Руамтхамадан басым түскен.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 14 мамырға дейін жалғасады. Қазақстан боксшылары 13 салмақ бойынша бақ сынап жатыр. Әлем чемпионатында топ жарған боксшыға 200 мың доллар беріледі. Сонымен қатар Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев 100 мың доллар бөлуге уәде етті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі