Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіХорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали (60) мен Мерей Мәулітханов (72 кг) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Классик балуан Айдос Сұлтанғали 60 келіде ширек финалда Солтүстік Корея балуаны Ли Се Ынды 1:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Айта кететін жайт, Ли Сен Ын Париж Олимпиадасында қола медальға қол жеткізген.
Ұлттық құрама мүшесі алғашқы белдесуінде АҚШ өкілін жеңсе, 1/8 финалда Израиль балуанын қапы қалдырды.
Ал 72 келіде Мерей Мәулітханов ширек финалда Украина балуаны Парвиз Насибовты 4:3 есебімен жеңді. Парвиз Токио және Париж Олимпиадаларының күміс жүлдегері екені көпшілікке белгілі. Мерей алғашқы белдесуінде фин балуаны Матиас Олави Иисакки Липастиден 3:0 есебімен басым түссе, 1/8 финалда сербиялық Али Фейзоллах Арсаланды 5:3нәтижесімен жеңіп, ширек финалға өтті.
Сонымен бірге, бүгін Демеу Жадыраев (77 кг) қола жүлде үшін Венгрия балуанымен белдеседі.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады