28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПеру астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, қыздар арасында 76 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аянат Жұмағали әлем чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 222 келіні бағындырған Аянат қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.
Күміс медальді финляндиялық Мини Хормавирта (211 келі), қоланы үндістандық Санжана (210 келі) иеленді.
Сондай-ақ, қыздар арасында 81 келіде бақ сынаған Сәния Орманбаева жалпы есебі 201 келіні игеріп, қола жүлдегер атанды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақжол Құрманбек күміс, Нұрдос Сабыр алтын медаль жеңіп алған болатын.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?