Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБудапеште дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Абиба Әбужақынова финалда есе жіберді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
48 келіде белдескен отандасымыз финалда Италия өкілі Скутта Ассунтадан иппон ұпайымен жеңілді. Осылайша қазақстандық спортшы еліміздің дзюдо тарихында әйелдер арасында әлем чемпионатының финалында күрескен алғашқы спортшы атанды.
Абиба Әбужақынова бүгін іріктеу белдесуінде Ресей, Бельгия, Жапония балуандарымен белдесіп, барлығында жеңіске жетті. Ал жартылай финалда испаниялық Лаура Мартинестен басым түскен еді.
Ұлттық құрама мүшесі бұған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола жүлдегер атанған болатын.
Бүгін Венгрия астанасында басталған әлем чемпионатында 48 келіде белдескен Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуінде есе жіберсе, 60 келіде Шерзод Давлатов бірінші белдесуінде оңтүстіккореялық Ли Харимнен жеңілді. Ал Мағжан Шамшадин (60 кг) жұбаныш белдесуінде есе жіберіп, 7-ші орынға тұрақтады.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі