Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыВьетнамда өткен «Әлем аруы – 2026» халықаралық сұлулық байқауында Доминикан Республикасының өкілі Джохейри Мола Домингес жеңімпаз атанды.
73-ші халықаралық «Әлем аруы» байқауының финалы 5 қыркүйекте Вьетнамның Нячанг қаласында өтті. Биыл бас жүлде үшін әлемнің 111 елінен келген ару бақ сынады.
Байқау қорытындысы бойынша 24 жастағы Джохейри Мола Домингес «Әлем аруы – 2026» тәжін иеленді. Ол – мұғалім, журналист және қоғам белсендісі. Сондай-ақ аз қамтылған отбасылардағы балаларға ағылшын тілін үйренуге көмектесетін Voices of Tomorrow қайырымдылық жобасын басқарады.
Бірінші вице-мисс атағы Испания өкілі Элизабет Рейнеске бұйырса, екінші вице-мисс атанған Малайзия өкілі Таанусия Четти үшінші орынға ие болды.
Бұл – Доминикан Республикасының «Әлем аруы» байқауындағы екінші жеңісі. Ел өкілі бұған дейін 1982 жылы бас жүлдені иеленген еді. Жаңа жеңімпазға тәжді былтырғы «Әлем аруы», Таиланд өкілі Опал Сучата Чуангсри табыстады.
Финал Нячанг қаласының орталық жағажайы маңындағы ашық алаңда ұйымдастырылды. 20 мыңнан астам көрерменге арналған сахнаның ұзындығы 110 метрден асады.
Қазақстанды халықаралық додада Miss Qazaqstan 2024 жеңімпазы Бағым Балтабаева таныстырды. Алайда қазақстандық ару байқаудың негізгі жүлдегерлері қатарына кіре алмады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары