13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик бірден екінші айналымнан бастап, дүниежүзілік рейтингте 100-орында тұрған америкалық Джек Сокпен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Д.Сок дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:3. Үшінші, шешуші партияда А.Бублик матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2.
Бір сағат 52 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 22 эйс жасап, 5 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Д.Сок 2 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
А.Бублик жүлде қоры 594 950 АҚШ долларына бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 52-ракеткасы, ұлыбританиялық Энди Маррей немесе рейтингте 202-сатыдағы Макс Перселдің біреуімен таласады. Жарыс 17 шілдеде мәреге жетеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды