Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін украиналық Александр Усик (22-0, 14 КО) британиялық Тайсон Фьюриді (34-1-1, 24 КО) қарымта жекпе-жекте де жеңіп, бәске тігілген бес белбеуді еншіледі (WBC, IBO, WBO, WBA (Super) және The Ring), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, қос боксшы биыл мамыр айында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Усик жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы да олар 12 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімімен украиналық жеңіске жетті.
Тайсон Фьюридің өзі төрешілер шешімімен келіспейтінін айтты. Тіпті, бірінші жекпе-жекте де өзінің жеңісі ұрланғанын, екіншсінде тіпті масқара шешім шыққанын айтып отыр.
Жалпы, 12 раунд бойы қос боксшы рингте белсенді қозғалды. Тек соңғы үш раундта Усик жылдамдығын арттырып, 12-ші раундта тура соққыларымен көзге түсті. Фьюри болса керісінше, соңғы раундта уақыт өткізуге тырысып, клинчке жиі барды. Осылайша, үш төрешіде жеңісті украиналық боксшыға берді, есеп – 116:112.
Бұл – Александр Усиктің кәсіпқой бокстағы 23-ші жеңісі. Ал Тайсон Фьюри болса екінші рет жеңіліп отыр, екеуі де Усиктен.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары