6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерУкраиналық кәсіпқой боксшы Александр Усик пен британдық Даниэль Дюбуа арасында реванш жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған кездесу 19 шілдеде Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтетін болды. Аталған кездесуде Усик пен Дюбуа WBC, WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша абсолютті әлем чемпионы атағына таласады.
Бұл жекпе-жек Усик пен Дюбуа арасындағы екінші кездесу болмақ. Екеуара алғашқы кездесу 2023 жылдың тамыз айында Польшада өтті. Онда Усик техникалық нокаутпен 9-раундта жеңіске жеткен еді.
Кейін Александр Усик Тайсон Фьюриден екі рет басым түсіп, титулдарды біріктірді. Ал Дюбуа болса IBF титулын иеленіп, оны Энтони Джошуамен жекпе-жекте сәтті қорғап қалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі