Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ден 26-орынға көтерілді.
Тимофей Скатов 134-тен 136-ға, Михаил Кукушкин 223-тен 229-ға, Бейбіт Жұқаев 242-ден 270-ке төмендеді.
Жұптық сында алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанған Александр Недовесов 53-тен 8 саты жоғарылап, әлемнің 45-ракеткасы атанды. Бұл – оның үздік көрсеткіші. Недовесов осыған дейін 48-орыннан аса алмаған болатын.
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Үздік үштік өзгеріссіз қалған: бірінші орында польшалық Ига Швёнтек, одан кейін беларус Арина Соболенко және Қазақстан өкілі Елена Рыбакина. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева екі орын жоғары көтеріліп, 58-орынға жайғасты.
Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина 25-орында, Рыбакина – 107. Жібек Құламбаева жеті орын жоғарылап, 179-орында тұр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары