Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Шанхай мастерс турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
А.Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге екінші айналымда жарыстың 2-ракеткалары, нидерландтық Уэс Колхоф – ұлыбританиялық Нил Скупскимен шеберлік байқасты.
Бірінші партия тартысты өрбіп, тай-брейкте Колхоф – Скупски сәттірек ойнады – 7:6 (7:2). Олар екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.
Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Эскобар 5 эйс қана жасай алды. Қарсылас жұп 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Осылайша, Шанхай мастерс додасында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ. Михаил Кукушкин мен Бейбіт Жұқаев жекелей сында кеше қарсыластарына жол берді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары