6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матоспен бас жүлде үшін сынға түсті.
А. Недовесов пен Г. Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен басымдылық танытты. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыластары 3 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, А. Недовесов өз спорттық жолында алғаш рет ATP 250 жарысының жеңімпазы болды. Бұған дейін ол төрт мәрте финалға шығып, бәрінде жеңіліс тапқан еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі