6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінде қазақстандық теннисші Александр Бублик жарыс жолын аяқтады. Ол алғаш рет жарыстың төртінші айналымына дейін жеткен болатын, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
1/8 финалда Бублик әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнермен күш сынасты. Өкінішке қарай, қазақстандық теннисші қарсыласына есе жіберді. Кездесу есебі - 1:6, 1:6, 1:6.
Соған қарамастан, Нью-Йорктегі бұл көрсеткіш – Бублик үшін үлкен жетістік. Бұған дейін ол «Үлкен дулыға» турнирлерінде үшінші айналымнан әрі аса алмаған. Осы нәтижесінің арқасында дүйсенбіден бастап Александр әлемдік рейтингте 19-орынға көтеріледі.
Әйелдер арасында Қазақстанның соңғы өкілі Анна Данилина да жарыстан шығып қалды. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сында өнер көрсетіп, америкалық Эйа Мухаммад пен нидерландтық Деми Шурс дуэтіне қарсы тартысты матчта жеңіліп қалды - 2:6, 6:4, 4:6.
Енді Александр Бублик Кореяға аттанып, Дэвис кубогы аясында Қазақстан құрамасының сапында алаң иелерімен болатын маңызды кездесуге қатысады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі