Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлександр Бублик Мадрид (Испания) ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, 21 жастағы америкалық Бен Шелтонмен шеберлік таластырды.
Бірінші партияда Шелтон 2:0 есебімен алға шығып, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3. Әлдеқайда тартысты өрбіген екінші сет тай-брейкке ұласып, онда Бублик бет қаратпады – 7:6 (7:2).
Үшінші, шешуші партияда есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.
Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бублик 8 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингіде 26-орындағы тағы бір америкалық Себастьян Корданың қай жеңгенімен кездеседі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?