6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 28-орында тұрған нидерландылық Таллон Грикспормен сынға түсті.
Матчтың тартысты өткені соншалық, екі сет те тай-брейкпен аяқталды. Онда Бублик 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен басымдылық танытты.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 22 эйс жасап, 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Александр Бублик жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін рейтингіде 38-сатыдағы чехиялық Иржи Лехечкамен кездеседі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі