Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 18-ракеткасы франциялық Уго Умбермен шеберлік байқасты.
Осыған дейін Бублик ATP жарыстарында 10 рет финалға шығып, соның төртеуінде жеңімпаз атанған еді.
Бұл жолы бірінші партияны Умбер брейкпен тәмамдады – 6:4. Ол екінші сетте 4:1 есебімен алға кетті. Ақыры үшінші матчболын құр жіберген жоқ – 6:3.
Бір сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 8 эйс жасап, 2 брейк-пойнтты пайдалана алмады.
ATP додаларында алты рет финалға шығып, бәрінде чемпион атанған франциялық теннисші алдағы дүйсенбіде әлемнің 14-ракеткасы атанбақ.
Александр соңғы бәсекеде жеңіліп қалғанына қарамастан, рейтингіде 19-орынға көтеріледі. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болмақ.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары