Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазгидромет 7-9 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
7 қаңтардан бастап еліміздің басым бөлігіне мол ылғалды Оңтүстік-Каспий циклоны ықпал етеді. Осыған байланысты солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде қар жауып, бұрқасын соғады, кей уақыттарда қалың қар болжануда. Ал оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі.
8 қаңтарда түнде Батыс антициклонының ықпалымен суық ауа массалары кіреді, бұл температураның күрт төмендеуіне алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде түнде ауа температурасы 15-25°C дейін, ал оңтүстігінде
5-15°C дейін төмендейді. Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында аяз 20-25°C дейін жетуі мүмкін.
Алайда 9 қаңтарда күндіз ауа температурасы қайта көтеріледі: республиканың солтүстік бөлігінде 0-5°C аяз, ал оңтүстігінде 0-5°C жылы болады деп күтілуде. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында желдің күшеюі, көктайғақ және тұман болжанады.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі