Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыстан келетін циклон мен оған ілесетін атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Көптеген аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді. Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде күндіз қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Ал оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда шаңды дауыл болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Солтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы 10-17 градустан 8-15 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 25-30 градустан 18-23 градусқа дейін салқындауы мүмкін.
Шығыста ауа райы аздап жылы болады: түнде 7-18 градустан 9-20 градусқа дейін, күндіз 22-33 градустан 24-35 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік-шығыста да шамалы жылыну байқалады: түнде 5-15 градустан 7-17 градусқа дейін, күндіз 22-30 градустан 25-35 градусқа дейін.
Оңтүстікте аптап ыстық күтіледі – кей жерлерде 40-42 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?