29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Қазгидромет» синоптиктері 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялап, елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталатынын ескертті.
Алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы сипат алады. Синоптиктердің мәліметінше, көптеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Сонымен қатар желдің екпіні күшейіп, тұрғындарға сақ болу ұсынылады.
5 мамыр күні елдің солтүстік аймақтарында нөсер жаңбыр күтілсе, 6-7 мамыр аралығында батыс өңірлерде жауын-шашын күшейеді. Батыс аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Жалпы республика бойынша ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Алайда оңтүстік өңірлерде күндізгі температура 22-32 градустан 27-36 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік-шығыста 15-30 градустан 20-35 градусқа дейін жылынады.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз құбылыстарын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек