1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді“Қазгидромет” синоптиктері 8, 9 және 10 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Метеорологтардың мәліметінше, көктем келгенімен, Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклондардың ықпалы әлі де жалғасуда. Бұл солтүстікте қар мен боранды, оңтүстікте жаңбыр мен қар аралас жауын-шашынды, ал бүкіл ел бойынша қатты желдің күшеюін тудырады.
9 наурыздан бастап батыстан антициклон ығысады. Ол Қазақстан аумағына қарай жылжыған сайын жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. 10 наурызда түнгі уақытта солтүстік өңірлерде 12-20 градус аяз күтіледі, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін “Қазгидромет” мамандары 2025 жылдың наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Метеорологтардың айтуынша, көктемнің алғашқы айы жылы және жауын-шашынды болады. Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 2 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Ал жауын-шашын мөлшері елдің көп бөлігінде нормадан жоғары, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте нормаға сай болады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?