22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыДүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) 2025–2029 жылдар аралығындағы жаһандық температура болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Болжамға сәйкес, алдағы бес жылда жер шарының орташа температурасы 1850–1900 жылдардағы деңгейден 1,2–1,9 градус Цельсийге жоғары болады. Бұл рекордтық жылыну көрсеткіштері климаттық қауіптің күшеюіне және қоғам дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. 2024 жыл әлем тарихындағы ең ыстық жыл болып тіркелді, алайда бұл рекорд жаңара бермек. 2025–2029 жылдары орташа жаһандық жылынудың 1,5 градус Цельсийден асу ықтималдығы 70 пайызға жетіп отыр. Бұрынғы есептерде бұл көрсеткіш 47 пайыз деп көрсетілген еді. Ауа температурасының өсуі аптап ыстықтың күшеюіне, жауын-шашынның артуына, қуаңшылыққа, мұздықтардың еруіне, мұхиттардың қызуына және теңіз деңгейінің көтерілуіне себеп болады.
Алдағы қыс айларында (қарашадан наурызға дейін) Арктикадағы жылыну жаһандық орташа деңгейден 3,5 есеге дейін жылдам жүреді деп болжануда. Сонымен қатар, 2025–2029 жылдардың наурыз айларында Баренц, Беринг және Охот теңіздеріндегі мұз қабаты жұқарады. Сарапшылар атап өткендей, соңғы он жыл адамзат тарихындағы ең ыстық онжылдық болды және бұл үрдіс тоқтамай, жалғаса береді. ДМҰ Бас хатшысының орынбасары Ко Барретт жаһандық жылынудың экономикаға, күнделікті өмірге, табиғи экожүйелерге және жалпы планетаға кері әсер ететінін айтып, алаңдаушылық білдірді.
Оқи отырыңздар:
Ғалымдардың болжауынша, 2015–2034 жылдар аралығында жер шарының орташа температурасы өнеркәсіпке дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,44 градус Цельсийге жоғары болмақ. Егер бұл үрдіс жалғаса берсе, табиғи апаттар мен ауа райының қолайсыз құбылыстары жиілеп, әлем елдері үшін елеулі қатер төнуі мүмкін.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев