Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жылдам технологиялық прогресс еңбек саласына жаңа сын-қатерлерді әкелді. Жаңа мамандықтар пайда болып, кейбір «зейнеткер мамандықтар» жай ғана «жойылуда». Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы жұмыс орындарының 52%-ы автоматтандырудың тәуекеліне ұшырайды. Алдағы 15-20 жылда жұмыс орындарының 14%-ы жойылуы мүмкін, ал тағы 32%-ы қатты өзгереді, - деді мәжілісмен.
Депутаттың сөзінше, автоматтандыру және жасанды интеллекттің дамуы еңбек нарығында айтарлықтай өзгерістерге әкеледі. Бір жағынан, осыған байланысты үлкен жұмыссыздық пайда болса, ал екінші жағынан, кадр тапшылығы болады деген болжам бар.
Яғни жаңа жұмыс орындарында жасанды интеллект жүйелерімен жұмыс істей алатын кадрлардың жетіспеушілігі осындай кадр тапшылығына алып келеді. Осыған орай жұмыс күшінің икемділігін қамтамасыз етіп, жасанды интеллект жүйелерімен жұмыс істеу бойынша қажетті құзыреттерді беру маңызды болып отыр. Алайда осы мәселелер бойынша әрекет ету стратегиясы әлі де айқын емес, - деді Аймағамбетов.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары