Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікҚазгидромет мәліметінше, 28-30 шілде аралығына Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі метеорологиялық жағдай нашарлай бастаған, деп хабарлайды El.kz
Мұның себебі - республиканың аумағын ыстық оңтүстік пен салқын солтүстікке бөлген атмосфералық фронттар. Біртіндеп жылжыған фронтттар елдің солтүстік жартысында, содан кейін шығысында, оңтүстік-шығысында найзағайға, желдің күшеюіне, кей жерлерде бұршақтың жаууына әкелуі мүмкін. Мұның бәрі солтүстікте күндізгі ауа температурасының төмендеуіне және елдің оңтүстік жартысында ыстықтың бәсеңдеуіне ықпал етеді.
Күндізгі уақытта Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндіз +20 +30°С-тан +15 +25°С-қа дейін, елдің орталығында +25 +33 °С-тан +18 +27°С-қа дейін, шығыс облыстарда аптап ыстық +25 +35°С-тан +19+29°С -қа дейін төмендейді.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы +30 +39°С-тан +25 +36°С-қа дейін сақталады.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді