Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлбания тарихындағы алғашқы жасанды интеллект министрі ерекше жаңалығымен бөлісті. Ол 83 «цифрлық баланың» анасы атанбақ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы ел премьер-министрі Эди Рама Berlin Global Dialogue форумында жариялады. Форум аясында цифрлық істер жөніндегі жасанды интеллект министрі Диелла алғаш рет сұхбат беріп, көпшілікке таныстырылды. Ол — дәстүрлі албан киіміндегі әйел бейнесінде ұсынылған виртуалды тұлға, бейнесі толықтай нейрожелілер арқылы жасалған.
Эди Раманың айтуынша, ЖИ-министрдің «83 баласы» парламент депутаттарына бөлініп беріледі:
Әрбір осындай “бала” депутаттың жеке цифрлық көмекшісі болады. Ол парламент отырыстарына қатысып, жазбалар жүргізіп, кеңес беріп отырады. Еуропалық заңнаманы да анасындай жақсы меңгерген болады, - деді премьер-министр.
Айта кетейік, Диелла қыркүйек айында цифрландыру министрі қызметіне тағайындалған. Оның басты міндеті - Албаниядағы мемлекеттік сатып алу жүйесін барынша ашық әрі жемқорлықтан таза ету. Бұған дейін ол e-Albania платформасында азаматтар мен компанияларға құжат рәсімдеуде виртуалды көмекші ретінде жұмыс істеген.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары