6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Албанияның Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі Блерта Кадзадештен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Албания арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазіргі ахуал мен өзара іс-қимылдың келешегін талқылап, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі алдағы байланыстардың күн тәртібін қарастырды.
Министрдің орынбасары Қазақстан мен Албания арасындағы сындарлы диалогтың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ тарапының серіктестікті одан әрі нығайтуға және практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін жеткізді.
Сұхбат барысында 2023 жылы Астанаға Албания Президенті Байрам Бегайдың жасаған ресми сапарының маңыздылығы мен Албания Премьер-министрі Эди Раманың 2025 жылғы 29-30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуы ерекше аталып өтті.
Тараптар 2024 жылы Тиранада Қазақстан Елшілігінің ашылуы екіжақты қатынастарды күшейтудің маңызды қадамы болғанын және ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін берік институционалдық негіз қалағанын баса айтты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі