30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауын халықаралық байқаушылар да бақылап жүр.
Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі Еуген Душаллари Астанадағы бірнеше сайлау учаскесін аралап, дауыс берудің ұйымдастырылуына оң баға берді. Ол сайлаушылар үшін қажетті жағдай жасалып, үдеріс өз ретімен жүріп жатқанын жеткізді.
Арнаулы делегация Астанадағы №128 сайлау учаскесіне барып көрді. Бірнеше учаскедегі жағдайды салыстыра сараптаған халықаралық өкіл дауыс беру рәсімінің жинақы әрі жүйелі ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.
Көзімізге оттай басылғаны – мұнда әрбір дауыс берушіге жағымды әрі жайлы жағдай жасалғандығы. Ұйымдастырушылар жылы қабақпен қарсы алып, бағыт-бағдар көрсетіп жатыр. Келушілер қарасы мол. Әзірге заңға қиғаш жайттарды байқаған жоқпыз. Бәрі өз ретімен өтіп жатыр, – деді Еуген Душаллари.
Албаниялық бақылаушы еліміздегі саяси өзгерістерге де тоқталды.
Қазақстан қос палаталы Парламенттен бір палаталы Құрылтайға көшкелі жатыр. Расында, бұл әлемдік тәжірибеде бар және нәтижелі үрдіс, – деді арнаулы өкіл.
Бұдан бөлек албаниялық мейман Астана қаласы туралы әсерін де жасырмады. Елорданың еңселі ғимараттары мен кең көшелері жанға жайлылық сыйлайтынын атап өтті. Сайлау күні жаңбырлы болғанымен, адамдардың мерекелік көңіл күйде жүргенін жылы жымиып жеткізді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды