Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБас прокуратураның қызметкерлері Қазақстанның Беларусьтегі елшілігінің көмегімен, күдіктіні Беларусь Республикасынан ірі мөлшердегі алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура мәліметінше, ол 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңде Түркістан қаласында бір топ адам болып әрекет етіп, кәсіп ашу үшін тегін ақшалай грант алуға көмектесеміз деген сылтаумен 13 азаматтың қаражатын ұрлаған, оларға 10 миллион теңгеден ірі мөлшерде шығын әкелді.
Бұл қылмыстың сыбайласы сотталған, ал күдікті заңсыз әрекет жасағаннан кейін қашып кеткен және халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылдың қазан айында ол Беларусьте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша отанына экстрадицияланды, - делінген мәліметте.
Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?