Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтардың несиесін есептен шығару тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, егер азамат несие рәсіміне қатыспаған болса және биометриялық сәйкестендіруден өтпегені анықталса, онда берешек сотқа жүгінбей-ақ есептен шығарылады. Ол үшін азамат құқық қорғау органдарына арыз беріп, несие алаяқтық жолмен рәсімделгені туралы қаулы алуы қажет. Сол құжат негізінде банк қарызды есептен шығарады.
Агенттік дерегінше, соңғы екі жылда банктер осындай 1 400 азаматтың 1,9 млрд теңгеден астам қарызын сотсыз өндіріп тастаған.
Алайда кей жағдайларда биометрия қолданылғанымен, деректердің бұрмалануы байқалады. Мұндай жағдайда алаяқтықты тек сот тәртібімен ғана дәлелдеуге болады. Осыған байланысты сот арқылы қарызды есептен шығару негіздері кеңейтілді.
Әбілқасымова атап өткендей, клиенттің қатысуынсыз рәсімделген несие міндетті түрде сотсыз жойылуы тиіс. Мұндай жағдайлар бойынша әрекет ету алгоритмі Ішкі істер министрлігімен бірлесе әзірленіп, бекітілген.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары