Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстана прокуратурасы алаяқтар алдап алған ақшаны қайтарудың жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазір соттар дропперлерден – өздерінің банк карталарын алаяқтарға пайдалануға берген адамдардан ақшаны қайтаруды талап етіп жатыр. Дропперлердің картасына жәбірленушілердің ұрланған ақшасы аударылады.
Мысалы, бір адамды алаяқтар 3,6 миллион теңгеге алдап кеткен. Оның 1,6 миллион теңгесі дроппердің шотына түскен. Жәбірленуші сотқа шағымданып, бұл ақшаны қайтаруды талап еткен. Сот оның талабын қанағаттандырып, дропперге ақшаны қайтаруға міндеттеді.
2024 жылы Астанада осындай 10 іс қаралып, 54,7 миллион теңге жәбірленушілерге қайтарылған. Ал 2025 жылдың басынан бері соттар 22,3 миллион теңге қайтару туралы 6 шешім шығарды.
Егер банк картаңызды біреуге берсеңіз, сіз де қылмысқа қатысушы ретінде жауапқа тартылуыңыз мүмкін. Сондықтан ешқашан картаңызды бөтен адамдарға сеніп бермеңіз!
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар