23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақмолалық тұрғынды алдамақ болған алаяқтардың ойы жүзеге аспай қалды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
19 қарашада полицияға 63 жастағы қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Әйел кісі бірнеше сағат бұрын телефонына, содан кейін WhatsApp қосымшасы арқылы өзін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдардан екі қоңырау түскенін айтты Алаяқтар ұлының жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасағандығын айтады. Олар зейнеткерді ұлының қабырғалары сынды, ал жаяу жүргінші ауыр жағдайда деп қорқытты.
Алайда жәбірленуші тарап 300 мың теңге сұрады деп алаяқтар бірден жағдайдан шығуды ұсынды. Қорыққан қала тұрғыны қоңырау шалушыларға мұндай сома жоқ екенін, алайда ол аударуға 200 мың теңге дайын екенін айтты. Қолда бар сомаға келісе отырып, алаяқтар әйелге ақша жіберу қажет болатын абоненттік нөмірді көрсетті, - делінген хабарламада.
Бірақ кейінірек алаяқтар қателесіп, абоненттік нөмірдің соңғы екі санын дұрыс көрсетпегені белгілі болды. Барлық нұсқауларды мұқият тыңдап, әйел терминал арқылы ақша аударған, содан кейін ғана ұлына оның жағдайы туралы білуге қоңырау шалған.
Полицияға жүгініп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгеннен кейін қызметкерлер ақшаның Алматы қаласының 31 жастағы тұрғынына жіберілгенін анықтады, барлық жағдайды түсіндіргеннен кейін ол ақшаны заңды иесіне қайтарып берді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік