Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘлеуметтік желілерде премьер-министр Әлихан Смайылов интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы төленетіні туралы айтқан видео тарап жатыр. stopfake.kz мәліметінше – бұл фейк, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Видеода Қазақстанда «ұрланған қаражатты қайтару және өтеу жөніндегі» комитет құрылғаны айтылады. Бұл – жалған. Елімізде мұндай комитет жоқ және болған емес. Алаяқтар аталған жарнаманы алданған адамдарға көмектесеміз деп таратып жатыр. Алайда кейін ақшаны «қайтару» қызметтері туралы жазылған сайтқа өтуді ұсынады. Нәтижесінде, алақол инвесторлар иемденген ақшаны қайтару үшін тағы да ақша төлеу керек болады.
Осылайша алаяқтарға бір кездері алданған адамдар тағы да құрыққа түседі, - делінген мәліметте.
Мұндай хабарландырулар Қазақстанда және Ресейде бұған дейін де тарағаны анықталды. Ол кезде қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлеу туралы айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, ақшадан айырылып, киберқылмыскерлердің құрығына түспеу үшін күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз және үшінші тарап ресурстарында жеке және банктік деректерді жазып, қалдырмаңыз. Тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне сену қажет, - деп түйіндейді stopfake.kz.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары