Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қарағанды облысында зейнеткерлерді сан соқтырған жалдамалы «курьерлер» көбейген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, мамыр, маусым айларының ішінде полицияға алаяқтарға алданып қалған зейнеткерлердің арыз шағымы күрт өскен.
Күдіктілер егде жастағы адамдарға хабарласып, туысқандары жол-көлік оқиғасына себеп болғанын айтып, оларды жауапкершіліктен құтқару үшін ақша төлеуді талап еткен. Мұндай әрекет арқылы жәбірленушілерге 130 миллионнан астам шығын келген.
Қылмыстық істің негізінде еліміздің алты қаласынан 30-дан астам адам ұсталып, оның алтауы қамауға алынды. Алаяқтардың көмекшілерінің арасында «Яндекс такси» жүргізушілері, тамақ жеткізушілер, жоғары оқу орындарының студенттері, кәмелеттік жасқа толмағандар және басқа да азаматтар бар. Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары