Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлаяқтар желіде қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың жалған сұхбатын таратып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желіде «Қазақстан банкі тікелей эфирде айтқан сөзі үшін Ерұлан Жамаубаевты сотқа береді» тақырыбындағы мақала жарияланған сайт пайда болды (орфографиясы сақталған).
Stopfake.kz сайтының мәліметінше, мәтінде премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбаты жайлы әңгіме келтірілген. Бұл фейк.
Мақала бөгде сайтта орналастырылған, бірақ дизайны жағынан nur.kz порталына ұсқайды, онда 2023 жылғы 17 ақпанда тікелей эфирде өткен бағдарламадан суреттер ұсынылған. Сонымен қатар толығымен ойдан шығарылған сұхбат мәтінінде криптовалюта нарығында сауда жасауға арналған бот жарнамаланған, - делінген мәліметте.
Бұл бағдарламаның түпнұсқа жазбасы «Qazaqstan» телеарнасының youtube парақшасында бар. Тікелей эфир кезінде мақалада айтылған жағдайлар болмаған.
Демек 2023 жылғы 3 тамызда орыс тілінде шыққан мәтіндік сұхбат – фейк. Ол толығымен ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайды. Эфирде корреспондентке қазақ тілінде берген сұхбаттың түпнұсқасы баршаға қолжетімді, - делінген.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары