Жаңалықтар

Алаяқтар мектеп оқушыларын алдаудың жаңа тәсіліне көшті

20.09.2025 17:12
Перизат Саденова
Фото: El.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналар мен оқушыларды алаяқтардың жаңа айласына абай болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жаңа оқу жылы басталғалы бері алаяқтар оқушыларға қоңырау шалып, өзін мұғалім ретінде таныстырып жүр. Олар «электрондық күнделікті жаңарту қажет» деген сылтаумен балалардан SMS арқылы келген бір реттік құпия кодтарды сұрайды.

Бала бұл кодты ата-анасына немесе мектебіне көмектесіп жатырмын деп ойлауы мүмкін. Алайда іс жүзінде қаскөйлер осы кодтарды пайдаланып, «Электрондық үкімет» жүйесіне, онлайн-банкингке немесе туыстарының банк шоттарына заңсыз қол жеткізеді.

Маңызды ескерту: SMS-тегі кодтар — жеке дерек. Оларды ата-анадан басқа ешкімге айтуға болмайды.

Балаларға түсіндіру қажет жайттар:

Ата-аналарға ұсыныстар:

Күдікті әрекеттер байқалса, дереу құқық қорғау органдарына немесе 111 Байланыс орталығына хабарласу қажет.

Оқи отырыңыз