7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Үйін кеңейтем деп жүріп, басындағы пәтерінен айырылып қалған белгілі актриса әрі Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін "алаяққа алдандым" деп дабыл қаққан өнер иесі өзіне тиесі мүлкін қайтарып алды. Бұл туралы ол желі парақшасында жазды.
Ең алдымен алғыстан бастағым келеді… Өздеріңізге белгілі сот мәселесі бойынша іс жүріп жатты. Жария етіп жазған күннен бастап, маған тілеулес, жанашыр, кеңесші, жол сілтеуші болған әр жанға алғыс. Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты. Әу бастан бұл жағдайды сынағым деп қабылдағаным рас. Ешкім, ешқашан үйрете алмайтын өмірлік сабақ болды,-деп жазды актриса.
Бұдан өзге Жұлдыз Әбдукәрімова басына қиындық туғанда айналасында өтірік айналып-толғанып жүрген жандар бір-ақ күнде зым-зия болғанын атап өтті. Ал енді бірі керісінше үнсіз ғана қасында болып, қолынан келгенін жасап, көмектесуге тырысқан. Акртиса бұл жағдайдан кейін айналасындағы адамдарды сүзгіден өткізгенін алға тартты.
Мемлекеттік құзырлы органдарының табалдырығын тоздырғаным да рас. Заң саласында біраз білімім артты десем артық болмас. Енді адвокатсыз қол қоймайтын темірдей тәртіп енді,-деген ол өзінің адвокаты мен прокуратура өкілдеріне алғысын жеткізді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?