23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Үштөбе қаласының тұрғындарын бірнеше рет алаяқтық жолмен алдаған 37 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оның әзірге келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын үш алаяқтық іске қатысы бары анықталып отыр.
Ұсталған азамат көршілес Алматы облысының тұрғыны, ол Үштөбеде жұмыс істеген. Бір оқиғада ер адам жұмыс берушіден тірі анасын жерлеуге деп қаражат сұраған. Бір досынан "соғымға" деп жылқы алған, оны да төлемеген. Үшінші біреуден қолма-қол ақшаны емделу үшін қарызға алған. Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, - дейді Қаратал аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Арман Сұлтанұлы.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік