Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысында Алатау қаласы құрылады. Облысқа қарасты Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына ауыстырылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға «Алатау» атауы берілсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын, - делінген президенттің қарауына жіберілетін құжатта.
Үкімет қаулысы 29 қарашаға дейін талқылауда болып, президенттің қарауына жіберілмек. Жарлыққа президент қол қойып, алғаш ресми жариялаған соң, қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, Жетіген ауылы Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай 47 шақырымдай жерде орналасқан. 2009 жылғы санақ бойынша ауылда 15 мың адам тұрған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?