7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті жұмыс сапары барысында байланыс сапасын жақсарту және телекоммуникация қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Комитет өкілдері Алатау қаласы әкімдігі және байланыс операторларымен бірлесіп «Заречный» және «Жетіген» шағын аудандарында, сондай-ақ «Алматы-Қонаев» автожолына барды. Негізгі назар тұрақты сигналды қамтамасыз етуге және қала маңы мен шалғай аумақтарда байланыс қолжетімділігін арттыруға бағытталды.
Сапар аясында бесінші буын (5G) желісінің алғашқы базалық станциясы іске қосылды. Жаңа станция желінің өткізу қабілетін арттырып, пайдаланушыларға жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сапар қорытындысы бойынша Алатау қаласы әкімдігінде телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланған кеңес өтті.
Кездесуде бесінші буын (5G) желілерін одан әрі енгізу, мемлекеттік мекемелер мен тұрғын үй массивтерін жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз ету және өңірдегі байланыс сапасын арттыру бағытындағы жоспарлар қаралды.
Ерекше назар білім беру ұйымдарын интернетке қосуға аударылды: жыл соңына дейін Алатау қаласындағы барлық мектептер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі.
Жиын қорытындысы бойынша 2025-2027 жылдарға арналған Алатау қаласын сапалы мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына қол қойылды.
Құжатта байланыс желілерін кезең-кезеңімен жаңғырту, жаңа инфрақұрылым салу, сондай-ақ әлеуметтік және білім беру нысандарын жоғары жылдамдықты интернетке қосу шаралары көзделген.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?