Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтқан «Қуатты аймақтар – қуатты ел» тұжырымдамасын насихаттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын кеңінен дәріптеу аясында Алматы қаласында мазмұнды мәдени шара өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Республика» сарайында Жамбыл облысы әкімдігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Атыңнан айналайын, Әулиеата!» атты концерт көрермен қауымға рухани азық сыйлап, Әулиеата өңірінің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға арналды. Сахна төрінде Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнер ұжымдары мен аймақтан шыққан белгілі өнер шеберлері өнер көрсетті.
Кештің шымылдығы «Ақкербез» би ансамблінің «Түркі өркениетінің тұғыры – Тараз!» атты әсерлі прологымен ашылды. Бұл хореографиялық композиция көне Тараздың тарихын бейнелеп, көрерменді терең ойға жетеледі.
Концерт барысында халық музыкасы мен заманауи эстрада шеберлері көрерменге ерекше әсер қалдырды. ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Асылхан Шүңіреков, Ержан Ыдырысов бастаған «Тараз» триосы, «Жамбыл» триосы, «Дауыс» квартеті, сондай-ақ Мәдениет саласының үздіктері: Оңал Азаматова, Жанатбек Кәдіров, Мадина Сағынбекова, Айгүл Мақашова, Маралбек Бабақұлов, Ғани Мәтебаев, Әсел Уашева, Құрмаш Қуанышбаев, Айна Қалмағанбетова, Азамат Алмереков сынды өнерпаздар сахнада өз шеберліктерін паш етті.
Сондай-ақ, бұл кеште жамбылдық эстрада жұлдыздары – Айбек Жансеитов (Бүркіт) пен Мөлдір Әуелбекова әсерлі әндерімен тыңдарманның көңілін көтеріп, кештің сәнін кіргізді. Әншілерге Қазақ халық аспаптар оркестрі сүйемел жасады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі, дирижер Дулат Байзілдаев.
Концертке Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков пен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай арнайы қатысып, өнер ұжымына қолдау көрсетті. Сонымен қатар кешке еліміздің мәдениет, білім саласының танымал өкілдері, жазушылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Құрметті қонақтар қатарында ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев пен театр және кино өнерінің ардагері Тұңғышбай Жаманқұлов та болды.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова