Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекФестиваль Аустрия мемлекетінің оңтүстігінде орналасқан Филлах қаласында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың 4-6 тамыз аралығында «Villacher Kirchtag» атты дәстүрлі фестивальге К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы қатысты.
Фестивальде Мәдениет саласының үздігі Дастан Көрегеннің жетекшілігіндегі «Алатау» фольклорлық ансамблі, әншілер, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Жанатбек Кәдіров және Жандос Омаров өнер көрсетті. Фестивальді 100 000 адам тамашалап, 40-қа жуық мемлекеттен 3000-ға жуық өнерпаздар қатысты.
Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы, Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Бақаев Әлібек Әсетұлы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайға, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының директоры Сейітқасым Түктібаевқа Алғыс білдіріп, өнерпаздарды да марапаттады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?