Кеше, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерСыртқы істер министрлігі Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы соңғы мәліметті айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда Аланиядағы жол апатынан кейін емделіп жатқан 11 қазақстандықтың ішінен 6 азаматымыз емханадан шығарылды. Олар бүгін түнде Қазақстанға оралады. Қалған 5 азамат дәрігерлердің бақылауында қалып, қажетті ем алуын жалғастырып жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты, - делінген ведомствоның ресми мәліметінде.
Барлық ем шығындары сақтандыру полистері арқылы төленеді.
Қазақстандық дипломаттар қайтыс болған отандасымыздың жақын туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Тиісті құжаттарды рәсімдегеннен кейін отандасымыздың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі деп күтіліп отыр, - дейді министрліктен.
Айта кетейік, кеше Аланиядағы жол апатынан ауыр жарақат алған қазақстандық турист қайтыс болды.
Кеше, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?