11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек«Қолдан қолға» өткен эстафета кейіпкерлері өз мамандығына деген сүйіспеншілігін жеткізіп, сүйікті кәсіппен айналысу тек табыс көзі ғана емес, жанның қалауы болуы керектігін айтты.
Акцияның басты талабы – көпшіліктің назарын аудартып, әрбір мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар екенін және қоғам үшін өте маңызды екенін жеткізу. Флешмобты өнер жұлдызы – Қайрат Нұртас, Әли Окапов, мүсінші Хасен Абаев, «Балапан» телеарнасының директоры әрі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы секілді белсенділер қолдады.
Әнші Әли Окапов бейнероликте музыка мен шығармашылық егіз ұғым екендігін және аталған екі ұғымсыз өз өмірін елестете алмайтындығын айтады.
«Мен – музыкантпын, өз ісімді ұнатамын. Ал, сен өз кәсібіңді ұнатасың ба?», – дейді ол.
Қазақстанның танымал мүсіншісі, суретші, Халықаралық суретшілер қорының президенті, академик Хасен Сейілханұлы Абаев өнер сүйер қауымға тарихи материалдық мәдениеттің хас үлгісін көрсетеді.
Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко бар өмірін спортқа арнаған жан. Спорттық карьерасы біткеннен кейін ол Қазақстанның құрама командасына бапкер болды, кейін ҚР күрес Федерацисы мен Ассоциациясының вице-президенті болды.
Ал, «Балапан» телеарнасының директоры әрі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өз мамандығы туралы былай дейді:
Дәрігер-педиатр Светлана Жайнадарова өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін былайша сипаттады:
«El.kz» интернет жобасының жетекшісі Дархан Өмірбеков сайт жұмысы туралы қысқаша баяндап, «Сен өз ісіңді ұнатасың ба?», – дейді.
Ал, Әлия Сармурзинова үшін – журналистика балалық шағынан арман болған. Ол тіпті халықаралық құқық мамандығын меңгерсе де, тағдыр оны оны сүйікті ісімен қауыштырған екен.
Эстафетаға қатысу үшін 15 секундтық бейнеролик түсіріп, өз кәсібіңізді не үшінін жақсы көретініңізді түснідіріңіз. «Эстафетаны» жалғастыру үшін досыңызға ұсыныңыз. #менөзісімдіұнатамын деген хештег қоюды ұмытпаңыз.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес