2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрХ. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мәжілісі өтті.
Күн тәртібінде Ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының негізгі бағыттарын іске асыру бойынша мәселелерді және 2019 жылға арналған Ғылыми-сараптамалық тобының жұмыс жоспары туралы талдау жүргізіп, пікір алмасты.
Сондай-ақ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстан халқы ассамблеясы институтының директоры Жанна Қыдыралина «Қоғамдық және тарихисананы жаңғыртудағы Ғылыми-сараптамалық тобының негізгі жұмыс бағыттары», осы университеттің 4 курс студенті Ғаламат Базарбаев «Қазақстандық қоғамды рухани жаңғыртудағы жастардың рөлі», Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Академиялық комитетінің басшысы Ләззат Жиенқұлова «Елбасының мақаласы – еліміздегі ымыра бірлікте өмір сүріп жатқан этностардың достығы әлем елдеріне үлгі ретінде» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамашылар өңіріміздің ірі жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жан-жақты жандандыру қолға алынып отырғандығын тілге тиек етті.
Тарих бөлімнің 4 курс студенті Ғаламат Базарбаев: «Биылғы Жастар жылында жұмыс істеймін деген жастар үшін атқарар істер көп. Елді тану – туған жердің тарихын білуден басталады. Сондықтан өз өлкеміздің пайдалы қазбалары, тарихи жерлері туралы зерттеу жүргізіп, мағұлмат алуымыз қажет. Соның ішінде Атырау облысының Нарын, Тайсойған, Бүйрек құмдарында жастардың археологиялық экспедициясы ұйымдастырылса деген ұсыныс білдіремін»- деп, ой тастады.
Ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері мен жастар да осы тақырып аясында өз ой-пікірлерін ортаға салды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова